Dropdown-nursery
Dropdown-junior
Dropdown-senior
Dropdown-sixth
Dropdown-international
Dropdown-aerial
How-grounds
About-landing
Drop-down-who
How-landing
Learn-landing

Шолу

Іргетасы 1699 жылы қаланған Sidcot мектебі – Бристоль мен Бат қалаларына жақын, ал Лондоннан небәрі екі сағаттық жердегі табиғаты таңдай қақтырар Сомерсет графствосында орналасқан әрі күн санап көркейіп келе жатқан күндізгі мектеп-интернат. Sidcot мектебінде оқитын оқушылардың қиялын ұштау үшін прогрессивті әдіс қолданылады, сол арқылы алған білімнің пайдасын көруге қажетті қабілеттерді қалыптастырады. Ең бастысы, Sidcot – оқушылардың өмір сүріп, білім ала алатын қызыққа толы мектеп бірлестігі.

Білім беру құрылымы

Sidcot мектебіндегі оқыту әдістері оқушылардың сынақтан сүрінбей өтуіне ғана емес, сонымен қатар балалардың табиғи интеллектуалдық қызығушылықтарын пайдалануға, ерекше ойлау арқылы қиялынан жаңа туындылар шығаруға негізделген. Мектепте A-level аттестаты мен IB дипломын алуға және 2 жылдық GCSE бағдарламасы мен 11 Pathway сыныбының бір жылдық GCSE курсын тамамдауға болады.  Кез келген бағдарлама бойынша тапсырылған сынақ нәтижелері мемлекеттік және әдемдік орта көрсеткіштерден әрдайым жоғары болады. Мектептің креативті сурет, ғылым және математика салаларындағы беделі мен жетістіктері көз қуантады, ал мектеп түлектерінің жартысынан көбі "Рассел" тобына кіретін университеттерге түседі.

Интернат

Sidcot мектебінің кез келген адамды баурап алар ұжымы Британиядағы мектеп-интернаттың шынайы бейнесін паш етеді. Мектептің бес жатақханасы бар, олардың әрқайсысы толықтай Wi-Fi желісіне қосылған, жайлы бөлмелері мен ортақ асханасы бар. Интернат ұжымы әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылардың Британия мектеп-интернатына бейімделуіне көмектесіп, олардың тез үйренісіп кетулері үшін аянбай еңбек етеді. Sidcot мектебі тағам мәселесіне ерекше назар аударады, тек рационалды әрі денсаулыққа пайдалы және жергілікті таза, сапасы жоғары тағамдарды ұсынады.

Спорт

Барлық оқушының кез келген спорт түрімен айналысып, белгілі бір команда мүшесі болуына мүмкіндік жасалған. Гольф, семсерлесу, би, су добы, баскетбол, үстел теннисі, шаңғымен сырғанау, тіпті цирк өнері мен су асты хоккейі сияқты дәстүрлі және дәстүрлі емес спорт түрлерімен айналысуға болады. Үздік спортшылар түрлі спорт түрлері бойынша графстволық, ұлттық және халықаралық деңгейде бақ сынасатын жергілікті жарыстар ұйымдастырылады.

Шығармашылық өнер

Дизайны көз қуантатын әрі бойынан креативті күш-қуат сезілетін Өнер орталығының өзі  – өнер туындысы, білім беру саласындағы жоғары дәрежесі үшін Artsmark Gold сыйлығына ие болған. Өнер – оқушылар ең көп таңдайтын әрі нәтижелері көздің жауын алатын сала, оқу жоспарынан бөлек музыка сабақтары, топтық жұмыстар, хор, театр және музыкалық шығармашылық сияқты көптеген үйірмелер бар. Sidcot мектебінің Edinburgh Fringe фестивалінде көрермендердің көзайымы болып, төрт жұлдызды баға алған «Hurly Burly» атты театры бар.

Қызықты мәліметтер

«PASS» (Sidcot мектебінің іс-шаралар бағдарламасы) – жыл бойы аптаның сәрсенбі күні түстен кейін барлық топтардың қатысуымен болатын қызықты іс-шаралардың жиынтығы.

Sidcot мектебі оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, әлемдегі мәселелер жөнінде сенімді әрі батыл көзқарас білдіре алуы үшін жақында Бейбітшілік және ғаламдық зерттеулер орталығын іске қосты.

Ағылшын тілі деңгейіне қойылатын талаптар

  • 7-8 сынып: минималды деңгей - A2
  • 12 A Level сыныбы: минималды деңгей - B2
  • 9 – 10 сынып: минималды деңгей - B1
  • 12 IB сыныбы: минималды деңгей - B2/C1
  • 11-сынып: Pathway (1 жылдық GCSE бағдарламасы): минималды деңгей - B1/B2

Independent day and boarding school for boys and girls aged 3 - 18 in Somerset

You can ask us anything – complete the form below, or if you’d like to have a chat leave your phone number and we’ll call you back in the next day or so.